Таран ауданына табысталды
Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы, облыстық ардагерлер кеңесі және облыстық мемлекеттік мұрағат басқармасы бірлесіп бастаған «Еңбек Даңқы кітабы» аудандар мен қалаларды аралап, еңбек ерлерінің есімін жаңғыртуды жалғастыруда.
Қостанай облысының 80 жылдығы мен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған игі жоба Лисаков қаласынан Таран ауданына салтанатты түрде табысталды.
Тарихта мәңгі сақталып, келешек ұрпаққа өсиет боп жететін бұл кітапта аймаққа ерекше еңбегі сіңген тұлғалардың есімі жазылған. Күллі қазаққа аты мәшһүр Кәмшат Дөненбаеваның туған жері, Менідақара ауданынан бастау алған эстафета шілде айында Қостанай қаласына келіп тәмамдалады.
Лисаков қаласы айтулы кітапты 6 сәуір күні Денисов ауданынан қабылдап алған болатын. Осы уақыт ішінде даңқты шежіре қаладағы барлық мектептер мен кітапханаларда, мәдениет үйінде тұрғындарға кеңінен таныстырылды. Лисаков қаласы әкімінің орынбасары Дмитрий Найденов қалаға келген қонақтарға да алдымен «Еңбек Даңқы» кітабының көрсетілетінін айтты.
-Бүгіндері облыстың біраз өңірін аралап шыққан кітап Таран ауданына жол тартады. Біздің қаламыз әрқашан еңбек ардагерлері және тұңғыш құрылысшыларымен мақтанады. Осы тізімге енген жерлестерімізден Лисаков қаласының жеке «Еңбек Даңқы» атты кітабы жарық көреді,- деді Дмитрий Найденов.
Салтанатты шара жергілікті өнерпаздардың өнерімен жалғасты. Алдымен, осы эстафетаның әнұранына айналған «Қырманға кел, қалқатай!» әнімен ашылып, тарихтан сыр шертетін шағын көрініспен өрбіді.




Салтанатты шара жергілікті өнерпаздардың өнерімен жалғасты. Алдымен, осы эстафетаның әнұранына айналған «Қырманға кел, қалқатай!» әнімен ашылып, тарихтан сыр шертетін шағын көрініспен өрбіді.


-Бұл кітапқа "Еңбек Қызыл Ту" ордендерімен марапатталған алғашқы құрылысшылардың, тың игерушілер мен еңбек ардагерлерінің, қаланың құрметті азаматтарының есімдері енді. Қала тұрғындарының еңбекте жеткен жетістіктері мен жеке құжаттары, марапаттау куәліктері, мадақтамалар, суреттер мен естеліктері топтастырылды.








Кенже ҚОНЫСБАЙ.
Суреттерді түсірген автор.