Әділ шешім салтанат құрды

Қостанайдағы "Қазақстан" кинотеатрының иесі қалалық әкімдікті сотта жеңіп шықты. Сөйтіп жер телімінің иесі өз құқығын дәлелдеп берді.
OLYMPUS DIGITAL CAMERAБұл туралы сот процесі кезінде фирманың мүддесін қорғаған кәсіпкерлер Палатасының сарапшылары баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Сарапшылардың пікірінше, сот аппеляциялық тәртіп бойынша "AMC COST" ЖШС-іне тиесілі жерді мемлекет мұқтаждығына  алу туралы жергілікті шенеуніктердің шешімін заңсыз деп таныған. Бұл шешім компанияға жер телімін сақтап қана қоймай,  кинотеатрды кеңейту үшін несиеге алған 616 млн.теңге шығынды шегеруге мүмкіндік әперді. Осыған дейін кәсіпкерлер Палатасы сот арқылы фирманың мойнындағы   несиенің ай сайынғы төлемін  5 млн. теңгеден 2 млн. 600 жүз мың теңгеге дейін қысқартуға көмектескен еді.
– Осы  аралықта Палатаның сарапшылары кәсіпкерге заңды түрде  тиісті қолдау көрсетіп, сот процестеріне қатысты. Әуелгі  отырыста  әкімдіктің пайдасына  шешілген сот  шешіміне наразылық білдірген  облыс прокуратурасы  үлкен жәрдем берді. Нәтижесінде, біз кәсіпкердің заңды құқықтарын қорғауға қол жеткіздік, – дейді облыстық кәсіпкерлер Палатасы директорының орынбасары Самат Сәдуақасов.
Естеріңізге сала кетейік, қала әкімдігі мен "AMC COST" ЖШС-і былтырдан бері "Қазақстан" кинотеатрына іргелес жатқан жер телімі үшін  бір-бірімен текетіресіп келген-ді. Аты аталған фирма жерді сатып алғанмен, қалалық әкімдік  о баста берген уәделерінен  айнып қалды. Қос тарап арасындағы бітпес дау, міне, осыдан басталған. 2014 жылы компания жалпы пайдаланымдағы жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару туралы  хабарламаны алады. Амалдары таусыл-ған "AMC COST" ЖШС-і  кәсіпкерлер Палатасының сарапшыларына жүгінуіне тура келеді. Олар  шенеуніктердің заңсыз іс-әрекетіне қарсы шығып,  ҚР ҰКП басшылығының қатысуымен өткен кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңеске шағымданды. 
Айбек
       КӘДІРҰЛЫ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓