20 келі заңсыздық

Қостанай облысының Ұзынкөл аудандық сотында "Өзгенің мүлкін ұрлау" бабы бойынша қылмыстық іс қаралды, – деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі. комрІс материалы бойынша, 29 қыркүйек сағат 13:00 шамасында ұзынкөлдік әйел Орталық аудандық ауруханасының маңындағы медициналық пункттен 20 келі көмір ұрлаған. 
"Осыған байланысты Ұзынкөл ОАА-ға 180 теңге көлемінде материалдық зиян келген. Қылмыстық құқық бұзушылық үшін ҚР ҚК-нің 68-бабының 1-тарауы бойынша айыпталған әйел тараптардың келісімге келуіне байланысты жауапкершіліктен босатылды", – делінген хабарламада. 
Қылмыстық іс тоқтатылды. 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓