Үшінші орынды иеленді

Жақында Орал қаласында самбодан 1996-1997 жылы туған жасөспірімдер арасында  Қазақстан чемпионаты аяқталды. Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген жүзден астам бозкілем шебері қатысты. Тартысты бәсекеде Қостанай облысының намысын қорғаған Алмас Жұмағалиев 90 келі салмақта күш сынасып, біріншіліктің қола медалін жеңіп алды.самбо
Алмас – Арқалық қаласының тумасы. Бүгінгі таңда Қостанайдағы «Арлан» спорт клубында дзюдомен шұғылданып жүр. Облыстық турнирде чемпион атанған палуанды ел біріншілігіне танымал бапкер Сәлім Атығаев апарып келді.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓