Нихат Жан: «Тобылдың топырағы майлы, ұны сапалы»

қостанайлық фирма – әлемнің үздік ұн экспорттаушысы
Қостанай өңірі соңғы жылдары ұн өндірісінен елімізде ғана емес, шет мемлекеттер арасында да үздіктер қатарынан көрініп келеді. Әсіресе, түркиялық мамандар Кіші Азия түбегінен диірмен қондырғыларын әкеліп, ауыл шаруашылық өнеркәсібінің негізгі саласын дамытуға бет бұрған. Осындай кәсіпорындардың бірі – түркиялық азамат Нихат Жан басқаратын «Best Kostanay» ЖШС ұн өндіру мен оны экспорттау жағынан қазір дүние жүзіне танылды.3
Қазақстан нарығында 10 жылдан астам табысты еңбек етіп келе жатқан серіктестік биыл Швейцарияның Женева қаласында өткен сапа көшбасшылары арасында үздік танылып, алтын жүлденің иегері атанды. Әлемнің 80-нен астам мемлекеті арасында «Best Kostanay» – Қазақстан атынан қатысқан жалғыз компания екенін айта кету керек. Еуропа төрінде «BID Group» президенті Хосе Э.Прието мырза қостанайлық компанияға аталған жүлдені сапа мен жоғары көрсеткішке қол жеткізе отырып, технология және инновацияны жетілдіргені үшін табыс еткен. Өңіріміздегі компанияның бұған дейін де еңбегінің талай еленіп, халықаралық дәрежедегі жоғары марапаттарға қол жеткізіп келе жатқанын айта кетейік.  7 
 
Компанияның құрылтайшысы Нихат Жан осыдан 23 жыл бұрын Алматыға келіп, Қазақстан мен Түркия арасында көлік тасымалы саласында еңбек етуді бастаған екен. 2005 жылдан Қостанайда бастапқыда диірмен қондырғыларын орнатып, құрылысын жүргізумен айналысқан ол кейіннен ұн шығару ісін қолға алыпты.SILOLAR UST GORUMNUM
Нихат Жан, «Best Kostanay» ЖШС президенті:
– Қостанай әрі астықты өлке әрі оның бидайының да сапасы жоғары. Алтын дәнді тиісінше пайдаға жарату үшін оны ұн қылып, мемлекеттің ішін және шет елдерді қамтамасыз етуді қолға алдық. Кейінгі сегіз жылда диірмен жұмысымен мықтап айналысып келеміз. Мына өзіңіз көрген аумақтағы кешенді салуға қаншама күш кетті десеңізші! Тақыр жерде жаңа комбинат көтердік. Бастапқыда кешеннің тәуліктік қуаттылығы 250 тонна болса, қазір жылдық өнім көлемі 60 мың тоннаға жетті. Және бізден шыққан ұнның 95% Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Әзірбайжан мемлекеттеріне экспортталады. Қалғаны ел аумағында саудаға шығарылуда.
Ұн комбинаты «ENDUSRIYEL ELEKТRONIK SAN.  ve TIK. LTD»  (Түркия) заманауи технологиясымен жабдықталыпты. Кешеннің жұмысы толығымен жоғары деңгейлі мульти басқару жүйесімен автоматтандырылған. Бүгінгі таңда «Уно», «Хилал», «Хазина-шаһ», «Мубарек», «Элит» ұндары алыс-жақын шетелдерде үлкен сұранысқа ие. Серіктестік басшылығы өнімнің сапасын жоғалтпай, оны арттырып отыру мақсатында Түркиядан қысқа мерзімге арнайы мамандарды шақыратынын айтты. Олар жергілікті диірменшілерге жаңа технологияның қыр-сырын үйретіп кетеді.DEGIRMEN ON
Бұның сыртында кешен аумағында астық тасымалдауға арналған жүк көліктері тұратын өзінің автобекеті де бар. Айтпақшы, «Best Kostanay» компаниясы өнімді вагондармен жөнелтуде қиындық көрмес үшін күре жолдан тұйыққа дейін рельс тартқан екен. 
Серіктестікте бүгінгі таңда 200-дей адам еңбек етеді. Нихат Жан мырза дағдарыс әсер етсе де, бірде-бір жұмысшыны қысқартпаймыз және жалақыны азайтуға шама келгенше жол бермейміз деп отыр.
 
Қыдырбек Қиысханұлы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓