Қазақ күресінен облыс чемпиондары анықталды

Арқалық қаласындағы «Қайрат» спорт кешенінде Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған 1999-2000 жылы туған ер және қыз балалар арасында қазақ күресінен облыс чемпионаты өтті. Спорттық шараға қала әкімі Ғ. Бекмұхамедов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Жарысқа 200-ге жуық спортшы бақ сынады. Ер балалар 9, қыз балалар 7 салмақ дәрежесінде күш сынасты.
Ер балалар арасында 46 келіде Айбек Бақыт (Арқалық қаласы), 51 келіде Абзал Жолдыбаев (Арқалық), 57 келіде Данияр Жолдыбай (Жангелдин ауданы), 64 келіде Жасұлан Бекболат (Арқалық), 72 келіде Нұрсұлтан Тиянақов (Әулиекөл ауданы), 81 келіде Аян Махмұт (Қостанай қаласы), 81 келіден жоғары салмақта Асылжан Дүйсенбек (Арқалық), қыз балалар арасында 44 келіде Аягөз Бәшір (Арқалық), 48 келіде Нұргүл Сапарғалиева (Арқалық), 52 келіде Махаббат Төлеухан (Арқалық), 57 келіде Мая Кенжеғалиева (Арқалық), 63 келіде Сабина Ыбырай (Арқалық), 70 келіде Надежда Казакеевич (Лисаков қаласы), 70 келіден жоғары салмақта Әйгерім Мырзағалиева (Арқалық) жарыс чемпиондары атанды.
IMG-20160229-WA0013
IMG-20160229-WA0010
IMG-20160229-WA0009
IMG-20160229-WA0008
IMG-20160229-WA0004
IMG-20160229-WA0005
IMG-20160229-WA0006
IMG-20160229-WA0007
 
IMG-20160229-WA0012Түйе палуан атануға 20 шақты палуан бел буды. Ақтық сайыста қостанайлық Аян Махмұт пен арқалықтық Жасұлан Бекболат боз кілемде бақ сынасты. Нәтижесінде, арқалықтық палуан басым түсті.
Жеңімпаздар Наурыз айының аяғына таман Көкшетау қаласында өтетін Қазақстан чемпионатында облыс намысын қорғайтын болады.IMG-20160229-WA0002
 
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓