ЭКСПО-2017 көрмесі аясында жаһандық саммит өтпек

«Bloomberg» халықаралық компаниясының энергетика, қаржы, саясат мәселелері бойынша ақпараттық-кеңестік қызметтер көрсететін Bloomberg New Energy Finances (BNEF) бөлімшесі Астанада өткізілетін ЭКСПО-2017 көрмесі аясында «Тhe Future of Energy» (Энергетика болашағы) жаһандық саммитін өткізуді жоспарлап отыр.  
Бұл мәселе «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-ның Контент және көрмеден кейінгі пайдалану департаментінің директоры Қайрат Күлбаев пен BNEF атқарушы директоры Джон Мурмен кездесу барысында белгілі болды.   
«Тhe Future of Energy» саммиті – энергетика саласындағы жыл сайынғы ауқымды іс-шара. Онда осы энергетика, саясат пен экономика салаларындағы мықты мамандардың бас қосып, сала трендтерін анықтап, қорытынды жасалады.  Әдетте іс-шара Нью-Йоркте және екі өңірлік аймақта: Лондонда (Еуропа, Таяу Шығыс, Африканы қамтиды) және Шанхайда (Азия-тынықмұхиттық өңір, Қытай, Аустралияны қамтиды) өткізіледі. Сонымен қатар, орталығы Астана болатындай, тағы бір үшінші, яғни Еуразиялық  өңірлік аймақты ашу мәселесі бүгінде талқыланып жатыр. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓