Көлік аударылды
7 шілде күні Науырзым ауданының аумағында жол-көлік оқиғасы болды.
"Фольксваген-Пассат" автомобиліндегілер Аманкелді ауданына бара жатқан екен. 32 жастағы жүргізуші әйел рульге ие бола алмай, көлігін аударып алды. Машина салонындағы 64 жастағы жүргізушінің анасы оқиға болған жерде көз жұмды. Басқа жолаушылар мен жүргізушінің өзі аман қалды. Жол-көлік апаты машина доңғалағының ақаулы болуы себепті орын алған. Қазіргі уақытта жүргізушіге қатысты іс қозғалды.