Шатханадағы оқиға
6 шілдеде Қостанай ауданының Затобол кентінде З5 жастағы ер адам мерекені шатханада атап өтемін деп, ақшасынан айырылып қалды.
Сыра ішіп отырған оған екі жігіт қосылған. Кафе жабылар кезде олардың біреуі кетіп, қалған екеуі сыра ішуді жалғастырған. Жәбірленуші қалтасындағы ақшасын шығарып санай бастаған кезде жанындағы жаңа танысы оның ақшасын тартып алып, қашып кетті. Жәбірленуші мас болған соң үйіне келіп ұйықтап қалды. Келесі күні полицияға арыз берген ол күдіктінің аты-жөні мен түр-түсін есіне түсіріп, айтып берді. Күдіктінің көп ұзамай ұсталары анық.