Алаяқтар әлі ұсталған жоқ

Облысымызда жыл басынан бері бір мыңнан астам алаяқтық фактісі тіркелді.
alaiak
26 маусым күні Рудный қаласында Ленин көшесінде 73 жастағы зейнеткер әйел велосипедін сатпақ болады. 25-30 жастағы бейтаныс жігіт велосипедті жүргізіп, тексеріп көрейін деп мініп кеткен. Сол кеткеннен, мол кеткен. Зейнеткер полицияға арыз беріп, күдіктінің фотороботы жасалды.
28 маусым күні Қостанай қаласында Орталық базарда 45 жастағы әйелді сыған әйел алдап, алтын бұйымдарын сыпырып кетті.
29  маусым күні Затобол кентінде Калинин көшесінде 38 жастағы әйелден бір жігіт: "Жедел телефон шалуым керек еді", – деп телефонын бере тұруды сұрайды. Әйелден телефонды алысымен бейтаныс жігіт сол жерден тайып тұрған. Күдіктіні анықтау жөнінде жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓