Қылмыс ашылды
Лисаков қаласының полиция бөлімінің қызметкерлері әйелді өлтірген күдіктіні анықтады. Бұл туралы Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.
8 сәуірде 56 жастағы әйелдің денесін пәтерінен тауып алған еді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған болатын.

Қылмысты ашу үшін жедел-тергеу тобы құрылды.
Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері Б.Майлин ауданының тұрғынын ұстады. Ол бұрын ұрлық үшін сотталған. Күдікті қамауға алынды.
Тергеу амалдары жалғасып жатыр.