Тәуелсіздік – тәу етер жалғыз кие
Облыс орталығындағы 161\1 түзету мекемесінде Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні алдағы Тәуелсіздік мерекесіне орай тағылымды басқосу болды. Елбасының ғибыратты ғұмыры мен мемлекетіміздің даму жолдары арқау болған келелі жиынның өтуіне Қостанай қалалық кітапханасының «Құрылыс» құрылымдық бөлімшесі мұрындық болды.
Аталмыш жиын барысында өңіріміздегі құқық қорғау саласын дамытуға үлес қосқан ардагерлер өз естеліктерімен бөліссе, тәуелсіздіктің құрдастары, № 5 және 115 білім ордаларының оқушылары ән–жырдан шашу шашты.
Жиын соңында Юстиция майоры Мәди Мухтубаев жиынға қатысушылар мен қонақтарға алғысын айтып, сый-сияпат жасады.
Мешіт Ғазиз