Қызғаныштың кесірі

5 шілде күні Федоров аудандық ауруханасына 35 жастағы ер адам пышақ жарақатымен түсті.
пышақ
Тергеу іс-шараларының барысында жәбірленушіге пышақ салған 49 жастағы танысы екені анықталды. Олар қосылып арақ ішкеннен кейін жанжалдасып қалған. Бөтелкелестердің бірі танысынан әйелін қызғанып, стол үстіндегі пышақты алып, екіншісінің ішіне салып алған. Жәбірленуші аурухана төсегіне таңылса, күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 103 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓