Атқару өндірісінде ағаттыққа жол жоқ

Қостанай гарнизонының әскери прокуратурасында «Атқару өндірісі жөніндегі заңнаманың сақталуы» тақырыбымен дөңгелек үстел өтті.
Отырыста әскери прокуратураның қызметкерлері, Қостанай гарнизоны әскери сотының төрағасы, Қостанай облысының әділет Департаментінің, Қостанай облысының жеке сот орындаушылар Өңірлік палатасының өкілдері, 6697, 2031 және 2039 санды әскери бөлімдерінің, Қостанай облысы қорғаныс істер жөніндегі Департаментінің заңгерлері қатысты.
сот орындаушы
Кездесу барысында әскери прокуратурасының аға прокуроры Б.Т. Әкіремжанова қатысушылар назарына атқару құжаттар жөніндегі статистикалық мәліметтер ұсынып, тиісті органдарда олардың орындалу жағдайы мен кезеңдері туралы мәлімдеме жасады. Соның ішінде, атқару құжаттарының дұрыс орындалмағаны немесе мүлдем орындалмайтыны, олардың жоғалып кеткен жағдайларын тілге тиек етті.
Ал әділет Департаменті мен Өңірлік палатасының өкілдері мемлекет тарапынан осы салада өткізілген іс-шаралар, мемлекеттік және жеке сот орындаушылар ішіндегі өкілеттіктерінің айырмашылғы, жұмыс барысындағы кемшіліктер мен қателіктер туралы хабарлады. Әрі қарай олар олқылықтардың түзелу жолын белгілеп, атқару құжаттарын электрондық және қағаз нұсқалары түрінде жіберу тәртібін түсіндірді.
Олар жариялаған жағдайлар бойынша барынша жедел түрде кедергісіз дереу жауап беруге дайынбыз деді.
Осы тақырып бойынша қатысушылар пікірлерімен бөлісіп, қолданыстағы тәжірибені талқылап, ұсыныстар енгізіп, сот орындаушылар органдарының өкілдері қатысушылар қойған сұрақтарға жауап берді.
Дөңгелек үстелдің қорытындысында, ҚР «Сот актілерін орындау және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Заңының талаптарына сәйкес, атқару құжаттарын орындау мақсатындағы өзара іс-қимылды күшейту туралы шешім қабылданды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓