Елбасы манифесінің маңызы жоғары

АҚШ астанасында өткен ядролық қауіпсіздік туралы саммитте Елбасы ұсынған манифест Біріккен Ұлттар ұйымы Бас ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесінің ресми құжаты ретінде тіркелді. Төрткүл дүние тынысын қалт жібермей бақылап отырған Тобыл өңірінің тұрғындары Елбасы манифесінің маңызын жоғары бағалайды. Қостанайлықтарды Мемлекет басшысының әлемді атомнан азат ету идеясы да қуантады.18902-6-nauchnoe_soobshestvo_p_ru
-Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қуаты жағынан әлемде 4-ші орынға ие ядролық қаруы бар Қазақстанның алдында екі түрлі таңдау, екі айырық жол тұрды. Алғашқысы, аса жойқын қаруды сақтап қалып, ядролық державаға айналу еді. Екіншісі, қауіпті қарудан бас тартып, дамудың бейбіт жолына түсу. Сөйтіп әлемге қастықпен емес, достықпен қадам жасау. Еліміз екінші жолды таңдап, сенімді даму соқпағына түсті. Ал жуырда ғана Елбасы «Әлем. ХХІ ғасыр» сияқты бағдарламалық құжатты жаһан талқысына ұсынды. Бұл Қазақстанның бейбітшіл бейнесін әлем алдында тағы бір паш етті, – дейді ҚМПИ проректоры,  тарих ғылымдарының докторы Еркін Әбіл.
Қазақстан жойқын қарудан бас тартқанымен, теріскейде Ресей, шығыста Қытай, оңтүстікте Үндістан мен Пәкістан ядролық держава саналады. Сондықтан Елбасы бастамасының халықаралық деңгейде үлкен қолдауға ие болуы – Қазақстанның бейбітшіл ел екенін әлемдік қауымдастық алдында тағы бір дәлелдеді дейді Қостанайдағы көзіқарақты көпшілік.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓