Такси жүргізушісіне шабуыл жасалды
Сарыкөл ауданында жыл басынан бері такси жүргізушілеріне 3 рет шабуыл жасалды. Соңғысы 8 сәуір күні кешкі сағат 20.00 шамасында болды.
Жас такси жүргізушісі кезекті тапсырысына бет алады. Ол орталықтағы «Vikka» дүкенінің жанына жете бергенде, оны ВАЗ-21099 маркалы автокөлігі қуып жетіп, сигнал беріп тоқтатады. Машинаның ішінен түскен екі бейтаныс жігіт таксишінің көлігіне мініп алып, күш көрсетіп, ақша талап етеді. Осылайша жәбірленушінің екі күндік табысын тартып алып, табандарын жалтыратқан.
Сарыкөл АІІБ мәліметінше, бұл оқиға бойынша қос күдікті құрықталып, қылмыстық іс қозғалды.
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.