Қызды қаққан көлік жүргізушісі іздестірілуде
Қостанай қаласында 7-сәуір күні түнгі сағат 00.50 шамасында Абай даңғылы бойындағы «Тарлан» автосалоны маңында белгісіз жүргізуші 27 жастағы азаматшаны соғып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жапа шегуші аса ауыр дене жарақатымен қалалық аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізіліп, сол жерде ажал құшты.
Тергеуге дейінгі тексерістер барысында оқиға Абай даңғылы бойындағы жаяу жүргіншілер жолағында болғаны анықталды.
Оқиға орнынан тәртіп сақшылары автокөліктің қара-қоңыр түсті қалдығы мен шам әйнегінің сынығын тапты.
Қазіргі уақытта облыстық ІІД барлық жеке құрамы оқиға орнынан із суытқан көлік жүргізушісін іздестіру үстінде.
Егер Сіздерге осы қайғылы жайт туралы әлдене белгілі болса, облыстық ІІД 52-63-36 телефонына немесе 102 нөміріне хабарласуларыңызды сұрайды.