Шектеу енгізілді

Қостанай облысының мемлекеттік санитарлық бас дәрігері Владимир Нечитайло төтенше жағдайлар кезіндегі шаралар және уақытша шектеулер туралы мәлімет берді. IMG-20200329-WA0023Оның айтуынша, халықтың тыныс-тіршілігін және көлік қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілердің күзетілуі күшейтіледі. Ірі сауда объектілерінің, сауна, қоғамдық моншалардың жұмыс істеуіне шектеу қойылады. Ал сауда ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметі уақытша тоқтатылады. Ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, салт-дәстүр, діни іс-шараларын өткізуге тыйым салынады. IMG-20200329-WA002431 наурызда сағат 22.00-ден бастап 10 өткізу бекетін қоя отырып, Қостанай облысының аумағына кіруге (шығуға) шектеу енгізіледі. IMG-20200329-WA0021Владимир Нечитайлоның айтуынша, облыстан Ресей Федерациясына шығуға уақытша тыйым салынды.

Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓