Қоқыстан шақалақтың мүрдесі табылды
Демалыс күні Рудный қаласының шетіндегі қоқыс төгетін полигоннан жаңа туған нәрестенің мүрдесі табылды. Қаладағы қоқысты шығарумен айналысатын «Абат» ЖШС қызметкері қоқыс төгу барысында жаңа туған сәбидің мүрдесін көргендігін айтып, қалалық ішкі істер басқармасына хабарласқан. Осы іске қатысты қылмыстық іс қозғалды. Әзірге мәлім болғандай, сәби – ер бала.-Қай ұлт екенін білу мүмкін емес. Тексеру шаралары 10 күн уақыт алуы мүмкін. Медициналық сараптама жүргізілгеннен кейін баланың қашан өмірге келгені мәлім болады,- дейді ҚІІБ тергеу бөлімі бастығының орынбасары Денис Баев.
Айта кеткен жөн, баласын туа сала қоқысқа тастап кеткен ана табылса оның үстінен ҚР қылмыстық кодексінің 100-бабында жазылған «Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі» бойынша 4 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.