Зейнеткерлерді дүрліктірген кім?

Бүгін редакцияға «Қостанай қаласының зейнеткерлері таңның атысынан бері банкоматтарға кезекке тұруда» деген хабар келді. Айтылуынша, зейнетақы мерзімінен бұрын беріліп жатқан көрінеді. Ұзын құлақ осыдан кейін үш ай қатарынан зейнетақы беру тоқтайды деген сыбысты да таратып үлгерген. Мәселенің мән-жайын анықтау мақсатында шалынған қоңырауға зейнетақы беру жөніндегі мемлекеттік орталықтың дирекорының орынбасары Татьяна Косенко жауап берді.пенсия
-Бүгін күні бойы бізге қоңырау шалушылар көп болды. Өзіміздің де таңданып қалған жағдайымыз бар. Айтарым, бұл – бар болғаны әлдекімдердің таратып жүрген қауесеті ғана. Әйтпесе, бізде бәрі қалыпша, ешқандай ел дүрліктіретін төтенше өзгеріс болған емес. Шағымданып жатқан кім-кімге де мұның өсек екенін айтудамыз. Банкоматқа асығып барған зейнеткерлердің көздері де жеткен болар,-деді директор орынбасары.  
 
Ж.Балғынбекұлы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓