Қаржының игерілуі – депутаттар бақылауында

"НұрОтан" партиясының Арқалық қалалық филиалында депутаттық фракцияның алғашқы жиналысы өтті. Жаңа жасақталған топқа қалалық мәслихаттағы 13 депутаттың 12 – сі өздерінің арызын беріп кірген. Олардың бәрі де "НұрОтан" партиясының мүшелері.нуротан
Депутаттық фракция "НұрОтан" партиясының "Нұрлы жол" бағдарламасының ережесімен танысты. Онда 5 бағыт бойынша комиссия құру көзделген. Осыған орай 2 комиссия құрылды. Комиссия құрамына депутаттар, "НұрОтан" партиясының белсенді мүшелері, қоғамдық мекемелердің өкілдері, "ЖасОтан" жастар қанатының мүшелері тартылды.
– Комиссия "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша бөлінген қаражаттарды, сондай – ақ бюджеттен бөлінген қаражаттардың әр тиынына дейін қатаң бақылауда ұстайтын болады.
Биылғы жылы Арқалық қаласында облыстық қазақ жасөспірімдер театрын күрделі жөндеуден өткізу қолға алынбақ. Оның бірінші конкурсы өтпей қалды. Сондай ақ, өткен жылдан бері күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан №4 мектепте 100 млн. теңгенің сыртында игерілетін қаражат бар. Мектептің бұрынғы жөндеуінен ептеп шағым түсіп жатыр. Комиссия барып тексереді. Егер, бұрынғы жөндеуінен кемшілік табылып жатса, мердігер компанияға жіберілген ақауды қайтадан жасату қажет. Сол сияқты, биыл құс фабрикасынына электр желісін тарту үшін республикалық бюджеттен 240 млн. теңге ақша бөлінген. Тиісті жер бөлу жұмыстары әлі күнге нақтыланбай отыр. Қаншалықты жұмыс істеп жатқанын енді комиссия анықтайды, – дейді "НұрОтан" партиясы Арқалық қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Хамзин.
 
Мұрат Жүнісұлы,
Арқалық қаласы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓