ТАРИХИ ШЕШІМГЕ КУӘ БОЛДЫҚ
«Нұр Отан» партиясының кезекті съезі Қазақстан дамуындағы жаңа кезеңді анықтап берді. Барлығымыз тарихи шешімге куә болдық. Шынында да, Елбасы – «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы халықтың өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі үлкен бағдарламаны тағы да бізге айқындап берді. Біріншіден, әлеуметтік салада еңбек ететін, жалақысы төмен бюджет қызметкерлерінің айлығын өсіру – барлығы да күтіп отырған өзекті шаруа.
Өңірлерде азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру міндеті қойылды. Әсіресе, көпбалалы отбасылар мен аз қамтылған отбасылардың жағдайын жақсартуға ерекше назар аударылып отыр. Мемлекет басшысы қосымша тапсырмалар жүктеді. Соның аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылғандар, көпбалалы отбасыларды қолдау шаралары күшейеді. Президент атаулы көмекті арттыруды назарға алуды тапсырды. Әлеуметтік қолдау турасындағы бастамаларға сай әр азамат еңбекке бейімделетін болса, мемлекет одан ары дамитынын тілге тиек етті. Себебі, өзінің кәсібін ашатын азаматтарға мүмкіндік тауып берсек, шағын несиемен қолдасақ, жақсы болады. Көпбалалы отбасылардың балаларын дұрыс тәрбиелеуіміз керек. Білімді ұрпақ болса, ертең ата-анасына қолғанат болады. Елбасы Үкімет пен барлық деңгейдегі әкімдер барлық әлеуметтік проблемаларды популизмсіз, көрсеткіш қумай шынайы шешуі тиіс екенін қадап айтты. Меніңше, бұл дер кезінде берілген тапсырма.Тағы да атап өткім келеді, бұл жолғы жиын әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға арналған көмекті нақтылады. Президент айтқандай, кедейшіліктің деңгейі күнкөріс минимумының 50 процентінен 70 процентке дейін көтеріледі. Бұдан бөлек, әлеуметтік көмекті алу шаралары жеңілдейді. Демек, әлеуметтік жағынан аз қамтылған көпбалалы отбасыларда әрбір балаға 21 мың теңгеге жуық жәрдемақы төленеді. Ондай көмекті төрт және одан көп баласы бар отбасылар алады.
Айгүл Бектемісова,
Денисов аудандық мәслихатының депутаты