Ел жағдайы – ерге аманат
Осынау 23 жыл ішінде «Nur Otan» партиясының белсенділері көп жұмыс істеді. Әрине, заман өте халықтың таным-түсінігі өзгеретіні анық. Мұндай кезеңдерде саяси ұйымдар бағытын айқындап жатады.
Съезде Мәжілістегі фракция төрағасы Ерлан Қошанов партия атауын «Amanat» деп өзгерту туралы ұсыныс айтты. Оны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та, партия мүшелері қолдады. Сөйтіп, жаңа атау мен белгі бекітілді.
«Егемендігіміз, елдігіміз бен бірлігіміз, кең байтақ жеріміз – бізге бабалардан жеткен аманат. Осы қастерлі құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, болашаққа мирас етуіміз керек. Мемлекеттілік дәстүр жалғастығы, ұрпақ сабақтастығы дегеніміз – міне осы. Халқымыз ешқашан аманатқа қиянат жасамаған. Партия бұл қағидатты берік ұстанады», – деді ел президенті.
Жаңа Қазақстанды құру үшін жасалып жатқан қадамдар бәрімізге жауапкершілік жүктейді. Мемлекет басшысы партия халық пен билік арасында алтын көпір болуға тиіс екенін айтты. Қазақта «Уәде – құдай аты» деген бар. Елге ұсынған бағдарламаң «өткелден өткенше» деген түсінікпен жасалмауы керек. Біздің қоғамда құрғақ уәдемен қалың жұртты алдап жүргендердің бары шындық. Солардың кесірінен мәселелер қордаланған мәселе көбейді. Президент партияластарды осындай қателіктерден аулақ болуға үндеді.
Партияның ашық болуы маңызды. Сайлаушылармен жиі кездесіп тұру керек. Өйткені, жағдай үнемі бақылауда ұсталуы қажет. Ол үшін бастауыш партия ұйымдарының жұмысы күшейтілмек. Бұл жұмыс өңірлердегі мәселелерді біліп, уақытылы шешіп отыруға көмектеседі.

Ғабит СҮНДЕТБАЕВ,
«Nur Otan» партиясы
Жангелдин аудандық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары
«Nur Otan» партиясы
Жангелдин аудандық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары