Лаура тағы мойындатты
Таяуда Латвия астанасы Ригада өткен жастар арасындағы еркін және грек-рим күресінен халықаралық турнирде біздің жерлесіміз Лаура Әлмағанбетова жұлдызы жанып, тағы да әлемдік додада топ жарды.
Әлемнің әйгілі 15 елінен келген балуандар белдескен додада сарыкөлдік спортшы 44 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Еркін күресті еркін менгерген ол Қазақстан қоржынына алтын медальды алғашқылардың бірі болып салды. Сөйтіп, ел намысын асқақтатып, әнұранын шырқатты.