Ауданның алғашқы “үздік мемлекеттік қызметшісі”

 Елімізде биылғы жылы алғаш рет атап өтілген "Мемлекеттік қызметші күні" мерекесі қарсаңында Аманкелді ауданында жасы 35 жасқа дейінгі мемлекеттік қызметшілер арасында "Үздік мемлекеттік қызметші" сайысы өткізілді.
Ауданның алғашқы
Сайысқа 9 мемлекеттік қызметші қатысып, нәтижесінде Қарасу ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Гүлнар  Мұздаханова батыр атындағы ауданның алғашқы "Үздік мемлекеттік қызметшісі" болып танылды. Жарыс қорытындысында аудан әкімі Ж.Таукенов Г.Мұздахановаға "Үздік мемлекеттік қызметші" лентасын салтанатты түрде тапсырып, сый-сияпат жасады.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓