Су қозғалысы ретке келтірілуде
Облыстық ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімі өңір өзендеріндегі мұздың қабаттасып, бір орында жиналып қалуын болдырмау мақсатында жүргізген жарылыс жұмыстарын аяқтады. Қар мөлшерінің шамадан тыс болуына байланысты арналарындағы мұз қопарылып, судың жылжуы реттелген.
«Алғашқы жарылыстар 30 наурызда Алтынсарин ауданындағы Шоқай ауылы маңында орналасқан Қарағайлы өзенінде болды. Кезекті жоспарлы жарылыстар 2016 жылдың 2 сәуірінде Науырзым ауданы Буревестник селосы Кирпичная көшесі бойынша орналасқан бөгетте жүгізілді. Сонымен бірге 38 ұңғыма бұрғыланды, мұздың орташа қалыңдығы 50 см құрады. Жүргізілген жұмыстардың жалпы көлемі 2432 м3 ауданда 1216 м3 құрады» делінген ТЖД мәлімдемесінде.
Жарылыс жұмыстарын «Қазтехнология» АҚ «Костанайвзрывпром» филиалының мамандары, облыстық ТЖД, жергілікті атқарушы органдары арнайы комиссияның қатысуымен жүргізген.
«3 сәуір Әулиекөл ауданы Көктал селосындағы Теректі өзенінде мұзды қопару үшін жарылыс жұмыстары 2981 м3 аумақта өткен, мұздың орташа қалыңдығы 80 см. «Қазтехнология» АҚ «Костанайвзрывпром» филиалының бригадасы 46 ұңғыма бұрғылапты. Жарылыс орнында Қостанай облысының ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері құрамындағы комиссия жұмыс атқарған.
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ