Жарайсыңдар, жігіттер!
Рудныйлық жастар Аймақтық Орал Федералды Лигасының фестивалінде «Ең үздік әуенді команда» номинациясын жеңіп алды. Екатеринбург қаласында өткен КТК ойындарына Уфа, Қорған, Челябі, Свердлов облыстарымен қоса, Қазақстаннан жалғыз команда «Рудный қаласының құрамасы» қатысқан болатын.

-Біздің іріктеу кезеңнен өткен-өтпегеніміз сәуір айының ортасына қарай белгілі болады. Егерде бағымыз жанып жатса, алда бізді тағы да 4 ойын күтіп тұр. Бұл – Александр Масляковтың ресми Лигасы. Сондықтан көзге түсіп жатсақ, жоғары лигаға өтіп кетуіміз ғажап емес, – дейді қуанышы қойнына сыймаған команда мүшесі Әлихан Шериев.



Қуаныш ЕСҚАБЫЛ