Тобыл өңірінде «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында берілген несиенің мөлшері 2 млрд теңгеге жетті.
Бұл жайындағы есебімен «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» облыстық филиалы бөлісіп отыр. «Мемлекеттік қолдаудың күшімен жарты жылдың ішінде 40 жоба жүзеге асырылды. Қаржы бір бағыт бойынша беріліп жатыр» – дейді, филиал менеджері А. Казакова.