Қостанай-Рудный жолы жөнделеді
«Қостанай-Рудный» учаскесінде жөндеу жұмыстары басталды. Орташа жөндеу жұмыстары ұзындығы 28 шақырым болатын «Қарабұтақ-Комсомол-Денисовка-Рудный-Қостанай» автожолының 515-543,5 шақырымында жүргізіледі. Мұндай ақпаратты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі таратты.
Қайта жаңғырту жұмыстары аясында жолшылар «Қостанай-Рудный» автожолының оң жағында орташа жөндеу бойынша ауқымды жұмыстарды аяқтады.
– Дәл қазір тасжолдың сол жағында жол жабындысын салу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта «Қостанай жолдары» ЖШС мердігерлік ұйымы ұзындығы 14 км қолданыстағы жол жабындысын фрезерлеу және ұзындығы 3,5 км тегістейтін қабатты төсеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Құрылыс нысанына 8 бірлік жол-техникасы мен 32 адам жұмылдырылған, – делінген министрлік таратқан хабарламада. Биыл орташа жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін 4 жолақты қозғалысы бар І санаттағы автожол толық пайдалануға беріледі.