ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТ. Әріптестеріміз жүлдегер
Бүгін Қостанай меценаттар клубының "Қазына" және "Шабыт" сыйлықтарының лауретаттарын марапаттау рәсімі өтті.



-Бұл – 2000 жылы елбасы жарлығымен іске асқан Тобыл-Торғай өңіріне ғана тән үрдіс. Осы уақытқа дейін 448 сыйлық табысталып, 462 жеке тұлға, 38 ұжым лауреат атанған, – деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өзінің құттықтау сөзінде. – Меценаттар клубының бұл дәстүрді үзбей жалғастыруының астарында шынайы патриотизм бар, олар артық қаржыны аспаннан алып беріп жатқан жоқ. Сондықтан, өз атымнан, облыс жұртшылығы мен бүгінгі жеңімпаздар атынан меценаттарға шынайы алғысымды білдіремін.

Сонымен, өз салаларының үздігі деп танылған 36 үміткердің жұлдызы жанды. Оларды меценаттар "Қазына", "Шабыт" сыйлықтарымен және арнайы жүлделермен марапаттады. Жүлдегерлер қатарында "Қостанай таңы" облыстық газетінің тілшілері бар екенін мақтанышпен айтқымыз келеді. "Журналистика " аталымы бойынша әріптесіміз Кенже Қонысбай "Шабыт" сыйлығын иеленді. Сондай-ақ, "Вокал" аталымында қарашаңырақ қызметкері , дарынды әнші, қарымды тілші Қыдырбек Қиысхан арнайы жүлдемен қоржынын майлады.


