Жұлдыздай жарқыраған бас қала – Астана

Ақпараттық технологияның қарышты дамыған тұсында, орныңнан қозғалмай-ақ ғаламтордың күшімен әлемнің түпкір-түпкірін, тіпті ғаламды кезіп кетердей қауқарың бар.  Заманымыз түзелді, әлем түрленді, ел жаңарды. Қазақ елінің де тынысы кеңейді. Осындай арқа-жарқа, тоқ көңілде отырып, ғаламтор әлеміне танымал "Google" картасына кірген едім. Міне, көз алдымда жұмыр жерді мекен еткен мемлекеттер мен астаналары тізіліп шығып жатыр… Араб әлемі, Үнді, Ресей, Қытай, тағысын тағы. Еуразияның дәл кіндігіндегі "Astana"  жазуы көзіме оттай басылды. Жұлдыздай жарқыраған жазуды үлкейтіп,  жақындай бердім, жақындай бердім…
 
День столицы 2014_1
Міне, елімнің мақтанышы, әлемді аузына қаратқан, қазақтың ордасы – Астана! Жақындай бердім, жақындай бердім…  Республика, Алаштың тас жолы, Абылай хан, Кенесары, Қабанбай, Бөгенбай батыр,  Абай даңғылдары тізбектеліп шығып жатыр, шығып жатыр… Карта бетіндегі сүйікті қалам айқын көрінген сайын, көңілім көтеріліп, көкірегімді мақтаныш сезім кернеп барады…
Тоқсаныншы жылдың тоқырау тұсында, Елордамыз осындай болады деп кім ойлаған?! Сол кездері ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің Елордамызды Алматыдан  Ақмола қаласына көшіру ұсынысын әркімнің әрқилы қабылдағаны жасырын емес. Мемлекет басшысының ықпалымен, халық қалаулыларынан қайта-қайта сұрауымен, басты қаламыз  көшірілді, Астана атанды. Қысқа мерзімнің ішінде  түрленді, гүлденді, танылды. Халқының саны миллионға жуықтады. Осылайша, әлемнің алпауыт елдерімен иық тіресердей деңгейге жетіп, жұмыр жерді мекен еткендер ресми Астанамен санасатын болды. Бұл – біздің бірлігіміздің, тір-лігіміздің арқасында, Елбасымыздың бас-тауымен,  халқының  қостауымен   қаланған әсем де, әйгілі қала – Астанамыз! Жұлдыздай жарқыраған жас қала! Сенбесеңіз, карта бетінен көріңіз, сүйсініңіз, мақтаныңыз! Бұл – біздің Астанамыз!
 
Жұматай Кәкімжанов
Коллажды жасаған Д.ВЛАСЕНКО.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓