Алаш аза тұтқан күн
Бүгін таңертең Алматыдан қаралы хабар жетті. Нұр-Сұлтан қаласына бағыт алған Bek Air ұшағы апатқа ұшырады. Қайғы жұтқандардың арасында Нұрбековтер отбасы да бар.
"Абай Жауғаштыұлы ағамызды Қызбелдегі туыстары күтіп отырған. Жаңа жылды туған жерінде қарсы алу үшін Алматыдан шыққан еді. Амал жоқ, сол күнге жеткізбеді. Ағамыздың қазасы қабырғамызға батты. Ұшақ ішінде ағамыздың жұбайы және балалары болған. Олар туралы нақты ақпарат ала алмай отырмыз", – дейді апат кезінде көз жұмған Абай Нұрбековтің қарындасы Балнұр Жомартқызы.
Қайғылы жағдайға байланысты «Қостанай таңы» газетінің ұжымы Нұрбековтер отбасына қайғырып, көңіл айтады. Біз сіздермен біргеміз.
Қайғылы жағдайға байланысты «Қостанай таңы» газетінің ұжымы Нұрбековтер отбасына қайғырып, көңіл айтады. Біз сіздермен біргеміз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 27 желтоқсан күні болған ұшақ апатының салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты 28 желтоқсанды Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.