Құрметті қостанайлықтар!

Егемен еліміздің тарихына жаңа бас қаламыз – Астананың қалыптасу жолы алтын әріптермен жазылды. 
Осы жылдар ішінде Астана шағын орталықтан еуропалық және шығыс иірімдері үйлесім тапқан ерекше ірі мегаполиске айналды. Елорданың бас сәулетшісі ретінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазіргі заман талаптарына сай астана келбетінің негізін қалады.
 
Садуакасов новая
Біздің астанамыз жыл өткен сайын қазақстандықтарға да, шетелдік қонақтар үшін де көз тартатын әсем қала болып қалыптасты.
Жас Елордамыздың жылнамасында ғаламдық ауқымдағы елеулі оқиғалар орын алып үлгерді. Мұнда Қысқы Азия ойындары өтті, астаналықтар  халықаралық форумдарды, ЕҚЫҰ Саммитінің, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съездерінің шеңберін-де мәртебелі меймандарды қарсы алды. 
Еліміздің дамуы шын мәнінде Қазақстанның жаңа бейнесінің бір бөлігі бола білген Астананың болашағымен тығыз байланысты. Елорда өңірлер үшін айнымас темірқазықтай болып, облыстардың қарқынды да жан-жақты дамуына серпін берді.
Бүгінгі Астана Қазақстанның мемлекеттік, қоғамдық және мәдени өмірінің орталығына, еліміздің биік мұраттарының нышанына, әрбір қазақстандықтың мақтанышына айналды.
Барша қостанайлықтарды Астана күнімен құттықтаймын! Елімізге тыныштық, береке мен бірлік тілеймін!  
           Н.Садуақасов,
Қостанай облысының әкімі.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓