Анасына тіл тигізген азамат тұтқынға алынды
Туған анасын балағаттаған 25 жастағы Лисаковск тұрғынын қалалық сот әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінен хабарлағандай, тәртіп бұзушы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 73-бабының 2-бөлімі, 461-бабы («Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында заңға қайшы әрекеттер», «Қорғау нұсқамасын бұзу») бойынша айыпты деп танылды.
Енді ол сот қаулысымен үш күндік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.