Жаңа тәртіппен тексеріледі
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Қостанай облысы бойынша ҚР Бас прокуратурасының арнайы есеп және құқықтық статистика басқармасының заңнамалық өзгертулерін есепке ала отырып, өзге де құзырлы органдармен жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеріс жүргізудің жаңа тәртібіне көшу мәселесі бойынша өткен жиынға қатысты. Оған мемлекеттік кіріс және тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің, облыс прокуратурасының мамандарымен жергілікті билік өкілдері, кәсіпкерлер палатасының, сондай-ақ кәсіпкерлер және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері шақырылды.
Облыстық ТЖД мемлекеттік өрт сөндіруді бақылау бөлімінің бас маманы Қуаныш Тоқкожина «Өрт қауіпсіздік саласында тексеріс жүргізу ерекшелігі туралы» баяндамасын оқыды. Конференция қатысушыларына 2015 жылдың 25 желтоқсандағы ҚР Ішкі істер министрінің және 2016 жылдың 12 қаңтардағы ҚР Ұлттық экономика министрінің №1060«Азаматтық қорғаныс және өрт қауіпсіздік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы» бірлескен бұйрықтың негізгі ережелері түсіндірілді. Соның ішінде тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті және субъективті жақтарын айта отырып, кейбір нысандардың өрт қауіпсіздік талаптарын бұзбаған жағдайда тексеріс жүргізуден босатылатыны туралы ақпарат берілді.