Қан орталығының қоры толықты

Еуразиялық топтың «Наурыз – жақсылықтар айы» атты іс-шарасы аясында «ССКӨБ» АҚ жастар саясаты бюросының қызметкерлері қалалық Қан орталығының қорын толықтыруға атсалысты. Мұнда 30 адам өз еркімен қан тапсыруға келді. Еріктілер арасында сирек кездесетін теріс резусты 3-ші топқа жататын қан тапшы екенін естігенде, фабрикалық кешеннің Жастар ісі жөніндегі нұсқаушысы Даурен Қозбаев игі бастамадан тыс қалмай, қан тапсыруға келгендігін айтады: Изображение 283– Шынымды айтсам, бұрын қан тапсыруға қорқатынмын. Бүгін әріптесрім мен достарым қалмай тегіс келгендіктен, мен де мүмкіндікті жіберіп алмайын деп еріп келдім. Әрине, алғаш рет болғаннан кейін қорқыныш сезімі болды. Бірақ, бәрі де артта қалды. Енді үнемі осыда келіп, тұрақты донор болуға шешім қабылдадым. Замандастарымды да қан тапсыруға шақырар едім. Өйткені, біздің тапсырып жатқан қанымыз бір адамның өмірін құтқаруға жұмсалады ғой. Осыны ойласам өзімді бақытты сезінемін. Бойымда бір жеңілдік орын алғанын сезініп отырмын. Қан тапсырған жақсы ғой, бойыңдағы қан айналымы жаңарады, жақсарады,-дейді Дәурен.
Бүгінгі таңда қан орталығы тек Рудный қаласын ғана емес, жақын жердегі Жітіқара мен Лисаков қалаларын Таран, Денисов аудандары мен Қашар поселкесін қанмен қамтамасыз етіп отыр.
–« ССКӨБ» АҚ жұмысшылары біздің негізгі әрі тұрақты донорларымыз. Біз кәсіпорынның барлық бөлімшелерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқарамыз. Бүгін акция шеңберінде қан тапсыруға өздері ұсыныспен келіп қан тапсырып жатқан кәсіпорынның Жастар саясаты бюросына ерекше алғысымызды айтамыз,-дейді Рудный Қан және оның компоненттерін дайындау бөлімшесінің меңгерушісі Айнаш Дүйсембаева.
-Кез келген адам донор бола алмайтынын ескерген жөн. Ең бастысы 12 мүшесі сау, инфекциялық ауруларға шалдықпаған, салауатты өмір салтын ұстанатын, қаны таза адамадар ғана донор болуға лайықты. Осы талаптарға сай келетін кәсіпорынның жастары бүгінгі шараға бір кісідей атсалысуда,-деді кәсіпорынның Жастар саясаты бюросының басшысы Юрий Ведин.
Дамира Жүсіпбекқызы,
Рудный қаласы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓