Теңдік уақыты

Жыл сайын 1 желтоқсанда дүние жүзі бойынша ЖИТС-пен күрес күні атап өтіледі. Бұл күні бүкіл әлемдегі адамдар АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қолдау көрсету үшін бірігіп, ЖИТС-пен байланысты аурулардан қайтыс болғандарды еске алады.
Біздің елімізде де мамандардың қатысуымен инфекцияның алдын алу, тестілеу, емдеу және азаматтарға қызмет көрсету, осы проблеманы бірлесіп еңсеруге арналған т.б. түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Десе де, адамзат баласы ауыр індеттің алдын алуда прогреске жеткенімен, оны жұқтырушылардың саны әлі де азаятын емес.
Жылда дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні белгілі бір тақырыпқа арналады. Биылғы жылы “Теңдік уақыты” деген ұранмен өтпек. Айтулы күні облыстық “ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі” орталық мамандары ведомствоаралық ұйымдармен бірлесіп мектеп жасындағы балалар арасында шығармашылық конкурстар ұйымдастыру, АИТВ-ға тестілеумен халық арасында акциялар мен білім беру жүйесінде семинар-тренингтер өткізу, “АРМАН 3D” кинотеатрында бейнеролик көрсетуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, шығармашылық ұжымдарды тарта отырып, “KOSTANAYPLAZA” сауда орталығында кең ауқымды акция, біріккен аралас жекпе-жек федерациясы клубтары арасында ММА бойынша облыстық турнирін ұйымдастырмақшы.
АИТВ/ЖИТС бойынша барлық қажетті ақпаратты, мамандардың кеңестерін және медициналық көмекті облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтан алуға болады: Қостанай қ., Амангелді к-сі, 134, интернет-сайтымыз: www.aidskst.kz, анықтама телефоны: 8 (7142) 37-05-90.
 
Әсем Балғожина,
Облыстық ЖИТС-тың алдын алу
және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың
профилактикалық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓