Заңды өрескел бұзған

Рудный қаласының прокуратурасы туберкулезге қарсы диспансердің заңсыз мемлекеттік сатып алулар процедурасын ұйымдастырғанын анықтады. Белгілі болғандай, мекеме өндірістік ғимараттарды күзету қызметін 7 800 000 теңгеге бағалап, хабарландыру арқылы баға ұсыныстарын сұратқан. Ең төменгі баға ұсынған фирмамен келісім шартқа отырып үлгеріпті.maxresdefault
– Бұл қызмет түрі арнайы рұхсат қағазын немесе лицензияны қажет ететіндіктен «Мемлекеттік сатып алулар» Заңына сәйкес процедура сатып алу әдісі конкурс түрінде өткізілу керек. Яғни мемлекеттік мекеме заң талаптарын өрескел бұзған,- дейді прокуратура өкілдері.
Аталмыш факті әшкереленген соң диспансер мен жеңімпаз арасындағы келісім шарт жарамсыз деп танылды. Ал мекеменің лауазымды тұлғалары әкімшілік жазаға тартылды.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓