Жарылыс жұмыстары
30 наурызда Алтынсарин ауданына қарасты Докучаев селолық округінің Шоқай селосы аумағындағы Қарағайлы өзенінде сең жүру басталғанға дейін мұзды қопсыту мақсатында жалпы алаңы 2500 текше метр мұзда жарылыс жұмыстары жүргізілді. Мұзды қопсыту өзендегі судың апатсыз өтуін және Шоқай селосы аумағын көктемгі тасқын су басуы қаупінің алдын алу үшін қажет.


Жарылыс жұмыстарын жүргізу барысында 16 адам және 6 бірлік техника жұмылдырылды. Жарылыс жұмыстары жүргізілген ауданда мұздың қалыңдығы бір метрді құрайды.
Қостанай облыстық ТЖД
ТЖ алдын алу бөлімі