Қаланы көріктендіруге бірігіп кірісу керек

Алғаш рет Қостанайда екі ай қатарынан қаланы тазалау айлығы жарияланды. Шара 31-наурыздан бастау алды.kustanay_gorod
Биылғы қыс ерекше болды. Жауынды, қарлы. Соның зардабын қар ерігенде тартып жатырмыз. Ойдым-ойдым жол, жағалай көлкіген су. Қаланы тазалап алу үшін бір айдың жұмысы емес, қатарынан екі ай қажет болып тұр. “Егер өзіміз тұратын қала таза болсын десек, бәріміз бірігіп жұмылуымыз керек” деді қалалық әкімдікте өткен жиналыста қала әкімі Базыл Жақыпов.
Қалалық әкімдікте облыс әкімінің орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетовтың қатысуымен көктемгі тазалыққа байланысты жиналыс өтті. Жиналыста жол жөндеу, ЖПИК жұмыстары талқыланып, нақты тапсырмалар берілді.
Қала әкімінің орынбасары Ерлан Теменов қар сөгілгеннен бері жолдарды жамау ісі қолға алынған деді. Ойық-шұрық жерлер қиыршық таспен жамалуда. Биылғы жылы жол жөндеуге 3,5 млрд. теңге бөлінген. 1,360 млрд. Герцен, Красный кузнец, Майлин көшелерін жөндеуге жұмсалады. Абай, Орал көшелері күрделі жөндеуден өтеді. Оның сыртында қаладағы 7 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Оған 722 млн. теңге бөлінген.
Қазрігі уақытта жолдардың сапасы сын көтермейді. Ойдым-ойдым тас жол жүргізушілердің де шекесін қыздырып тұрған жоқ. Қала әкімі биыл 56 000 шаршы метр жолдың көлемі жамалған деді. Бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда көп емес.
Қалада тазалық жұмыстары жүріп жатыр. Бірақ әр адам үлесін қосуы қажет. Кейбір ЖПИК-тардың уақытылы жұмыс істемегіні енді көрініп, қиындық туғызуда. Шығарылған қоқыс межелі жеріне жеткізілмей төгіле салғаны да белгілі. Қала әкімі қаланы абаттандыруға, жаңадан қоқыс жәшіктерін және орындықтарды сатып алуға 50 млн. теңге қажет екенін айтты. Бұл қаражатты кәсіпкерлер қалаға көмек ретінде бөлмек. Облыс әкімі “Көркейе бер, Қостанай!” акциясын қолға алып, кәсіпкерлерді аймақтың гүлденуіне атсалысуға шақырғаны белгілі. Осы бастама жер-жерлерде жүзеге аспақ.
Ғауез Нұрмұхамбетов жиналғандарды қаланы таза ұстауға шақырды. Ол үшін мүмкін Инстаграм желісінде қаланың проблемалы жерлерін суретке түсіріп салатын парақша ашса қалай болады деген ойын білдірді. Сонымен қатар қаланың жолын жөндеуге қомақты қаражат бөлінгенін де тілге тиек етті. 3,5 млрд. оған қосымша 1 млрд. теңгеге барлығы 43 шақырып жол жөнделеді. Жылда қала ішіндегі жолдар жөнделеді. Жол жөнделген сайын жолдар жабылып, көліктердің бағыттары өзгереді. Бұл қалалықтар үшін жайсыздық тудыратыны рас.
-2 млрд. теңгеге жол жөндегеннің өзінде қаншама жолдар жабылып, өзгерістер туындайды. Ал биыл жөндеу көбейеді. Сондықтан қоғамдық көліктердің бағытын, жол жөндеу учаскелеріндегі инженерлік жүйелердің жұмысын бүгіннен бастап ойластыру керек, – деді облыс әкімінң орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов.
Жиналыс соңында басшылық тағы да қаланы тазалауға, көріктендіруге бірігіп кірісуге шақырды.
 
Айтолқын АЙҚАДАМОВА
 
 
 
 
 
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓