Еселеп жеген есепшілер тұтылды
Қостанай қаласының №2 соты І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының 43 жастағы бас есепшісі К. мен 47 жастағы есепші Б.-ны 2 ай бақылауда ұстау туралы ұсыным хатты қанағаттандырарлық деп тапты.
Тергеу материалдарына жүгінсек, 2014 жылдың сәуірінен бастап, 2016 жылдың ақпанына дейін күдіктілер, өздерінің қызметтік мүмкіндіктерін пайдалана отырып, бюджеттік қаражатқа қол салып, аса ірі көлемде шығын келтірген.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.