6 сотталушы айыппұл төлеп, бостандыққа шықты
Қостанай облысындағы түзеу мекемелерінен 6 сотталушы айыппұл төлеп, бостандыққа шықты.
Жаңадан толықтыру енгізілген Қылмыстық кодексте онша ауыр емес, орташа және ауыр қылмы сжасағандар айыппұл төлеп, мерзімінен бұрын бостандыққа шыға алады. Қылмыстық Кодекстің 73 бабына енгізіліп отыр.
-ҚР ҚК 73 бабына 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап өзгеріс енгізілді. Соған сай онша ауыр емес,орташа және ауыр қылмыс жасағандардың жазаларын жеңіл жаза түріне ауыстыру көзделген. Бұл мүмкіндікті аса ауыр қылмыс жасағандар пайдалана алмайды,-дейді Қостанай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің арнайы есепке алу тобының бас маманы Светлана Кирилюк.
Оның айтуынша, жеңіл жазаның екі түрі болады. Айыппұл және бас бостандығын шектеу. Екіншісі бұрыннан қолданылып келеді. Ал айыппұл төлеу биылдан бастап қолданысқа енгізілген.
-Халық айыппұл дегенді дұрыс түсінбей жүр. "Сотталғандар ақша төлеп түзеу мекемелерінен шығып жатыр" деген түсінік қалыптасқан. Негізінде олай емес. Бұл заңмен, сотпен қаралған жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру. Басқаша айтқанда, шартты түрде мерзімінен бұрын босату. Ол үшін жазасын өтеген кезде сотталушының өзін-өзі жақсы жағынан көрсетуі, тәртібі де ескеріледі,- дейді СветланаКирилюк.
Егер сотталушыға12 жылдан жоғары жаза берілсе ол айыппұл төлеп, жазадан құтыла алмайды. Кісі өлтіріп, террористік немесе экстремистік қылмыс жасағандар, педофилдер, аса ауыр қылмыстар үшін сотталғандар да жазасын толық өтейді.
Светлана Кирилюк жеңіл жаза түрін қолдануды былайша түсіндіріп берді.
-Мысалы,сотталушыға 5 жыл жаза берілді делік. Ол жазасының ¼ бөлігін, яғни, 1 жыл 3айын өтеуі керек.Осыдан кейін түзеу мекемесінің қызметкері 5 күннің ішінде өтініш хатты жазу мерзімі келгендігін хабарлайды. Сотқа өтінішті сотталушы өзі жазады. Он күннің ішінде барлық құжаттары дайындалып, сотқа тапсырылады. Одан арғысын сот шешеді.
Сот шешімі шыққаннан кейін, айыппұл бір айдың ішінде төленіп болуы тиіс. Қазір түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеушілер айыппұлды алдын ала төлей бастаған. Сот өтінішін қанағаттандырып, айыппұл толық төленген жағдайда олар бірден сотталушы тізімінен шығарылады.
Ескеретін жайт,айыппұл мөлшері барлық сотталушыға бірдей емес. Ол былайша есептеледі: сотталушы үшін бір АЕК төрт күнге тең. Қазір бір АЕК 2121 теңге екенін білесіздер. Егер жазаның өтелмеген бөлігі 1 жылды құраса, онда айыппұл мөлшерін төртке бөлеміз.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ