Жемқорлық қылмыстар азайған. Алайда…

Биылғы жылдың 7 айында өңірімізде жемқорлық сипаттағы құқықбұзушылықтар мен қылмыстар саны өткен жылдың дәл осы мерзімімен салыстырғанда 47,7 пайызға азайған. Дегенмен бұл қоғам дерті анағұрлым төмендеп кетті деген сөз емес. Бұл жөнінде мемлекеттік қызмет істері және жемқорлықпен күрес жөніндегі құзырлы орган басшылары, өңірдегі партия өкілдері мен қоғам белсенділері талқылаған «дөңгелек үстел» өтті.

IMG_1000

«Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Сергей Жалыбин өткен жылы парақорлыққа қатысты 67 заң бұзушылық (2013 жылы 70) және  44 әкімшілік құқықбұзушылық (2013 жылы 113) анықталғанын атап өтті.
Кеңеске қатысушылар биылғы жылы да қоғам дертінің азайғаны байқалды деп отыр. Жыл басынан бері алты айда 19 іс (былтыр осы мерзімде 36) тіркелген. Алайда соңғы уақытта дәл парақорлыққа шатылып, қолдарына кісен салынып жатқан шенділердің әрекеттері қоғамдық пікір тудырғаны рас. Атап айтқанда, жергілікті атқарушы органдардың лауазым иелері тарапынан бес рет заң бұзу әрекеті әшкере болған. Дөңгелек үстелге қатысушылар осыған қарап, өңірімізде жемқорлықпен күрес бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар көңіл көншітерлік емес деп отыр.

IMG_0988

 

-Бүгінгі таңда Қостанай облысы парақорлыққа жол беру жағынан жақсы аталып отырған жоқ. Әрине, жең ұшынан жалғасқан дертті жоюға әбден болады. Елбасымыздың «100 нақты қадамы» стратегиясын басшылыққа ала отырып, күресті күшейте аламыз. Ол үшін ел болып жұмыла атсалысуымыз керек. Біздің партия өкілдігі де алдағы 25 қыркүйекте осы тақырып төңірегінде дөңгелек үстел өткізбек, – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департамент басшысының орынбасары, тәртіптік кеңес төрағасы Берген Беспалинов.  

IMG_0999Мемлекетімізде жемқорлықтың жолын кесу мақсатында алдағы жылдарға арналған стратегия бекітілді. Бұл құжатта заң бұзғандарды қатаң жазалау, мемлекеттік қызметкерлер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру мен парақорлық әрекетті қоғамдық бақылауға алуға басым бағыт берілген. Мәселен, мамандардың мемлекеттік қызметке алынуынан бастап, қызметтік өсу сатысына дейін жіті қадағалауда болады. Ол үшін конкурстық негізде іріктеп алу талабы күшейтілмек. 

 
 
Шұға ҚОҢҚАБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓