Сапары сәтсіз аяқталды
Қазақстан-Ресей шекарасындағы "Обаған-авто" нүктесінде 53 жастағы қазақстандық есірткілік затпен ұсталды. 1 келі 120 грамм марихуана және 150 грамм гашиш тіміскі қызмет иттерінің көмегімен тәркіленді. Тұтылған азамат нашақорлық заттарды Лисаковтан Түменге бағыт тартқан автобус арқылы алып өтпек болған. Есірткілер жекелей тексеру кезінде оның күпәйкісінің қалтасынан табылды.