Абай мен Шәкәрімді ұлықтаған 

Қаламызда “Абай оқулары” облыстық байқауы өтті. Оқушылар арасында өткен шара Абай Құнанбаевтың рухани мұрасын бағалау, поэзияға деген сүйіспеншілікті арттыру, туған тілін және қазақ халқының мәдениетін құрметтеуге шақыру мақсатында ұйымдастырылып келеді. IMG_3097Бүгінде дәстүрлі байқауға айналған шараның оқушылар үшін берері мол. Жыл сайын ауылдардан жиналатын жастар Абай мен Шәкәрімді дәріптеп, сан қырынан ашуға барларын салады. Бұл жолы да жиналғандар үш номинация бойынша өтетін үш топқа бөлінді. Алғашқысы “Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы” – Абай мен Шәкәрім шығармаларын мәнерлеп оқу. Үміткерлер жаттаған шығармаларының тізімін алдын ала беру арқылы кез келген шығармасын жатқа айтып береді. Ақынның өлеңдерін ең көп жаттаған оқушыға артықшылық беріледі. Екіншісі “Көңілім әнді ұғады” тобында Абай мен Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындау және соңғысы “Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда” – жас ақындар байқауы. Ақындар жүрекжарды туындыларын ұсынады. IMG_3094Бұл жолы ауа райының келеңсіздігінен байқауға алыс аудандардан келе алмағандар болды. Десе де осы шараны ұйымдастыруға ден қойып жүрген облыстық балаларға қосымша білім беретін өңірлік оқу-әдістемелік орталығының директоры Сәуле Әзімжанова жылдан жылға үміткерлердің дайындық сапасы төмендеп келе жатқанын қынжыла білдірді. IMG_3124–Байқаудың бастау алғанына он жылдан асты. Шынын айту керек басында оқушыларымыз жан-жақты, сондай табандылықпен дайындалатын. Көздерінен от көретінбіз. Өкінішке қарай жыл өткен сайын осы белсенділік төмендеп келеді. Не себеп екені білгісіз, бұл орайда жетекшілердің де кінәсі бар сияқты. Баланы ауданның атынан әкелген соң жауапкершілікпен қараған жөн деп ойлаймын. Тағы бір айтарым, Абай қазақтың данасы, тұлғасы. Байқау облыстық деңгейде болған соң бір күнді толығымен Абай әлеміне арнасақ қандай жақсы. Абай оқулары ересектер арасында да бар. Мүмкін сол екеуін біріктіріп, фестиваль түрінді өткізсе керемет емес пе. Ауылдан келген әр бала көңіліне көпті түйіп, өзіне жаңа әлем ашып кетсе ұмтылысы да күшейер ме еді. Оқушылар Абайдың образын театр әртістері ролінде көрсе, ұлы тұлғаның ән, күйлерін танымал жандардың орындауында тыңдай алса деген көкейде жүрген ой бар. Әрине, мұның бәрі де келер күннің еншісінде деген сенімдемін, – дейді ол. 
Бұл сөздің де жаны бар сияқты. Себебі алыс аудандардан ат арытып келген оқушылардың жұмыстарының дені қатеге толы болғанына куә болдық. Шынымен, баланың белсенділігін арттыру үшін шараның өту формасын өзгертсе қызығарық болар ма еді. 
Үш номинация бойыша сынға түскендердің арасында оза шапқандар көп ішінен ерекшелене білгендер. Мысалы, Абайдың 300 өлеңін жатқа айтқан Арқалық қаласынан келген Аружан Егінбаева бірінші орынды иеленді. Ал аманкелділік Аякөз Досымханова ақындығымен қоса, өз шығармаларын мәнерлеп оқығанда алдына жан салмайды. «Көңілім әнді ұғады» номинациясында Айбике Таңатарова (Рудный қ.) иеленді. 
Енді бұл оқушылар қыркүйек айында Семей жерінде өтетін республикалық байқауға аттанбақ. Облыстың атынан шыққалы отырған жастарға сәттілік тілейміз. 

Айтолқын АЙҚАДАМОВА 

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓