Тау қопарған Хамит

«ССКӨБ» АҚ қопару цехының №1 учаскесінде Қоржынкөл мен Қызылжар, Соколов және Сарыбай кеніштеріндегі қопару жұмыстарына жауапты жан – Хамит Ғабдуллин. Оның негізгі атқаратын міндеті кен қорына жету үшін кеніште қопару жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады. Қауіпті әрі үлкен жауапкершілікті талап ететін кәсіпті жетік меңгерген ол қиын жұмыстан қашпайтындығын, керісінше, жауапты іс атқарғанды ұнататындығын айтады.Хамит2
– Менің атқаратын жұмысым әскерилердікінен кем емес. Өйткені, мен отпен жұмыс істеймін. Бұрын ешқашан жарушы болып жұмыс істеймін деп ойламағанмын. 1978 жылы комбинаттың кадрларды оқытып дайындау орталығында білім алып, осында жұмысқа келдім, – дейді ол.
Хамиттың оқуды аяқтап, қопарушы міндетіне кіріскеніне 40 жыл өтті. Уақыттың зымырап аққанын жұмыстың қызығымен байқамай да қалады екенсің. Бүгінде ол тәжірибелі маман, үлгі тұтарлық ұстаз десек артық емес. Шәкірт тәрбиелеп отырған Хамит ерен еңбегі үшін ІІІ дәрежелі «Кенші Даңқы» төсбелгісімен марапатталған. Әріптестері ол туралы тек жақсы пікірде. «ССКӨБ» АҚ қопару цехының №1 учаске бастығы Игорь Кубраковтың айтуынша, кейіпкеріміздің тұла бойы қайратқа толы.Хамит
– Ол жұмысшылар арасында абыройлы азамат, өзінің білгенін жастарға үйретуден жалықпайды. Осындай тәжірибелі маманмен бір ай жұмыс жасаған жас маманның бойында өзіне деген сенімділік қалыптасады, – дейді басшысы.
Кейіпкеріміз қопару ісінде биік белеске жетуін – оны қолдаған әріптестерінің арқасы деп біледі. Әріптестерімен бірігіп олар, тек, жұмыста ғана емес спорттық жарыстарда да үздік атанып жүр. Жыл сайынғы балық аулаудан жарыста Хамит Ғабдуллин жеңімпаздар қатарынан көрінеді. Табиғат аясында демалу жаңадан шабыт пен күш қайрат береді дейді кейіпкеріміз. Біз де өз атымыздан жауапты маманға болашақта өзі сияқты шәкірттерінің көп болуына тілектеспіз.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓