Аналарды ардақтады
Халықаралық әйелдер күні мерекесінің қарсаңында Сарыкөл ауданындағы ана деген асқақ атқа ие жандар ардақталды. Яғни, аудан әкімі Эльдар Күзенбаев өңірде тұратын көп балалы аналарға құрмет көрсетті. Мерейліі жандардың үйлеріне арнайы барып, мерекелерімен құттықтап, гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар тарту етті.
Осындай зор ілтипатқа ие болғандардың қатарында: «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иегерлері – Бәтия Жұмағұлова (7 бала), Тоқтар Ибраева (9 бала), Мария Худолеева (6 бала), Надежда Ровбуть (7 бала), Любовь Мятковская (6 бала) және Айжан Бөлегеновалар (6 бала) болды.
Асыл жандардың ең үлкені – 92 жасқа қадам басса, ал ең кішісі – 40 жаста. Өңір басшысының бұл құрметіне ақ жаулықты аналар дән риза болып, ақ баталарын берді.
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.