Қаратомар су қоймасынан су ағызу ұлғайтылды
Қостанайлық мамандар Қаратомар су қоймасынан су ағызуды ұлғайтты, бұл су тасқынына қарсы шаралардың күшейгенін аңғартады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Қостанайсушаруашылығы» РМК облыстық филиалы директорының орынбасары Жамбылбек Райымқұловтың айтуынша, екі апта бұрын Қаратомардан су ағызу мөлшері 10 текше метрді құраған, бүгін таңертеңнен бастап – 30 текше метрге, ал түстен кейін – секундына 50 текше метрге ұлғайтылды.
Мамандар бұл тәсіл Тобыл өзеніндегі мұзды шайып кетуге ықпал етеді деп санайды. Осылайша, олар күтпеген жерден қар суы мен жаңбыр суының көп болуы салдарынан су деңгейінің күрт көтерілуін болдырмаудың амалдарын жасап жатыр.
Шара өзен маңында, саяжайда тұратын халыққа еш қауіп әкелмейді, деп атап өтті Д. Райымқұлов.