Жаңа тәсіл енгізілді
Елімізде жүргізуші куәлігін берудің жаңа тәсілі енгізілді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары мәлімдеді. Енді көлік басқару құқығын алу үшін азаматтар наркологиялық және психологиялық тұрғыдан арнайы медициналық емтихан тапсыратын болады. Яғни, жүйке жүйесі, есірткіге тәуелді немесе тәуелді емес екендігі, көру және есту қабілетінің дұрыстығын дәрігерлер тексеретін болады.