Мәскеуде ЭКСПО-2017 көрмесіне келу турлары ұйымдастырылды
«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы Мәскеуде биыл 23-26 наурыз аралығында өткен «Саяхат және туризм» атты XXIII халықаралық көрмеге қатысты.
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК өкілдері көрмеде ірі ресейлік турфирмалар үшін ЭКСПО-2017 тур өнімінің портфолиосын таныстырып, роуд-шоу өткізді. Бағдарлама аясында Астана қаласына және ЭКСПО-2017 көрмесіне келу турлары ұйымдастырылады.
Сондай-ақ, ұлттық және өңірлік туризм басқармасының РФ мен ТМД елдерінің туроператорларымен және ұйымдарымен екіжақты кездесуі өтті. Туристік компаниялармен, оның ішінде 1Travel компаниясымен көрмеге туристерді тарту бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.
Еске салсақ, MITT көрмесі 1994 жылдан бастап өткізіліп келеді, Дүниежүзілік көрме индустриясы (UFI) қауымдастығының белгісін иеленді. Жыл сайын көрмеге күллі әлемнен туристік бизнестің үздік өкілдері жиналады. Осында нарықтың жетекші ойыншылары өзінің жаңа бағдарламалары мен негізгі бағыттарын ұсынады. Биыл көрмеге 192 елден және әлем өңірлерінен 2000-ға жуық компания қатысты.